Англияда біржынысты неке заңдастырылды деп хабарлайды BBC News.
Англияда біржынысты неке заңдастырылды деп хабарлайды BBC News.
29 наурыз күні Англия мен Уэльсте біржынысты некені заңдастыру туралы заң күшіне енді. Ағылшын премьері Дэвид Кэмерон мұны "ел үшін маңызды сәт" деп бағалады. Сенбіге қараған түні ең алғаш болып некелесуге тырысқан бірнеше жұп бірден үйлену тойларын өткізді.
Айта кетейік, 2005 жылы Ұлыбританияда біржынысты азаматтардың серіктесуіне тұңғыш рет мүмкіндік берілген еді, құқықтық жағынан мұның некеден айырмашылығы болған жоқ. Бірақ гей-белсенділер азаматтық серіктестік отбасылық қатынастарды рәсімдеудің ең жетіспеген формасы екенін айтып, толыққанды некеге тұру мүмкіндігіне қол жеткізді. 2013 жылдың шілдесінде Англия мен Уэльс аумағында біржынысты некені заңдастыратын заң қабылданды, бірақ бірден күшіне ене қоймады. Жүргізілген сауалнамаға қарағанда, Ұлыбританияда әрбір бесінші ересек адам біржыныстылардың үйлену тойына барудан бас тартады екен.
Ұлыбритания аумағында қызтекелер мен еркекшораларға заңды некеге тұруға рұқсат бермейтін бір ғана аймақ қалды. Ол - Солтүстік Ирландия.
Еске салайық, 2014 жылдың қаңтарында Ұлыбритания Тәуелсіздік партиясының мүшесі Дэвид Силвестер елде болған дауыл мен су тасқыны біржынысты некенің заңдастырылғаны үшін Құдайдың берген жазасы деп мәлімдеген еді. Осыдан кейін партия басшылығы оны жұмыстан қуды. Елде табиғи апат 2013 жылдың қарашасынан қаңтардың ортасына дейін созылды. Оның салдарынан 10-ға жуық адам қайтыс болды.