Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды Фото: polisia.kz

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды. Бұл туралы Алматы полициясының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды. Бұл туралы Алматы полициясының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан.

"Экономикалық тергеу қызметінің мамандары ұстады. Негізгі іс осы ведомствода. Полиция бұл жағдайда ұсталған адамдарға қатысты карантин режимін бұзғаны үшін шара қабылдайды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Іс материалдары Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім шығару үшін жіберілген.

Полицейлердің мәліметінше, төтенше жағдай және карантин режимін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуден бастап 15 күнге қамалуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети