Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің берген жауабында ақпарат шындыққа сәйкес келсе немесе жемқорлықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге көмектессе, сыйақы берілетіні айтылған.

Былтыр 62 адамға жалпы сомасы 19,8 миллион теңге сыйақы берілнен. Сыйақының ең жоғары сомасы - 4 миллион теңге.

Агенттіктің мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті немесе оларға теңестірілген, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 505 адам сотталған.

Шенеуніктер көбінесе мына фактілер бойынша істі болған:

  • пара алу – 178 факті;
  • пара беру – 42 факті;
  • парақорлыққа делдал болу – 14 факті;
  • ұрлық – 187 факті;
  • алаяқтық – 139 факті;
  • сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жымқыру – 48 факті;
  • өкілетін асыра пайдалану – 49 факті.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленген шенеуніктердің жартысына жуығы әртүрлі деңгейдегі басшы екені белгілі болды.

2023 жылы сыбайлас жемқорлық бойынша екі экс-министр, үш бұрынғы вице-министр, ауыл, аудан, қала облыстың 16 әкімі мен олардың орынбасарлары, 212 жоғары лауазымды шенеунік сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети