Аптап ыстық және нөсер жауын: Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптап ыстық және нөсер жауын: Қазақстанда ауа райы күрт құбылады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы тұрақсыз ауа райы

Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.


Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Температура қандай болады?

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады – ауа температурасы 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін жетеді.

Батыс өңірлерде керісінше, ауа температурасы төмендейді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы болады. Елдің қалған бөлігінде температура біртіндеп жоғарылайды.

Тамыз айына арналған болжам

"Қазгидромет" мәліметінше, 2025 жылдың тамыз айы Қазақстанда ауа райының контрастылығымен ерекшеленбек: бір өңірлерде ыстық әрі құрғақ күндер күтілсе, басқа өңірлерде – жауын-шашын мен температураның құбылуы байқалады.

Айдың алғашқы онкүндігінде жылы ауа солтүстік пен шығысқа келеді, ал оңтүстікте және батыста керісінше, сәл салқындау байқалады. Кейін ауа райы тұрақсыз болады – ыстық күндерді салқын, жаңбырлы күндер алмастырады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болуы мүмкін. Жалпы, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде күтіледі, бірақ солтүстік пен шығыста нормадан көп болуы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети