"Әрең тапты". Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әрең тапты". Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға батып кетті

Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға батып өлді. Оқыс оқиға түс кезінде Таскескен ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға батып өлді. Оқыс оқиға түс кезінде Таскескен ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бес жасар екі бала елді мекен шетінде орналасқан Қарақол өзенінің бетіндегі жұқа мұздың үстінде ойнап жүрген.

"Мұз опырылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен. Ал екіншісі үлкендерден көмек сұрауға жүгіріпті. Артынша іздеу жұмысына жұмылдырылған сүңгірулер мен ауыл тұрғындары балақайдың денесін өзеннен әрең тапты", - деді ауыл тұрғыны Манарбек.

Мамандардың айтуынша, өңірдегі су қоймаларында мұздың қалындығы небәрі 3 сантиметр ғана. Сондықтан өзен беті толық қатқанша тұрғындарға сырғанақ теппеуді ескертті.

"Баланың денесін таптық. Құрметті Үржар ауданының тұрғындары, күннің жылуына байланысты су қоймаларында мұз толық қатқан жоқ. Мұз айдындарына баланы жібермеуді және өздеріңіздің де бармауларыңызды сұраймыз", - деді Үржар ауданы полиция бөлімінің бастығы Ролан Оразғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети