Архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізілмек – вице-министр

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізілмек  –  вице-министр Фото:depositphotos.com

Мәжілісте архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізу мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте архив қызметкерлеріне ауылда үстемақы енгізу мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев архив саласындағы кадр тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, әсіресе ауылдық жерлерде жағдай күрделі.

"Жалақының төмен болуынан жас мамандар келмейді, ал қазіргі қызметкерлердің басым бөлігі зейнет жасына жақындап қалған. Заң жобасында архив саласының мамандарына ауылда жұмыс істегені үшін үстемақы төлеу құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілген. Осыған байланысты сұраймын: қосымша ақы мөлшері қандай болады және ол кімдерге тағайындалады? Сондай-ақ мамандықтың беделін арттыру мен жас кадрларды тарту үшін тағы қандай шаралар қарастырылып отыр?", – деді депутат.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Жексенәліұлы бұл норманың бұрын да болғанын, бірақ "архивші" мамандығы көрсетілмегендіктен, облыстарда үстемақы төлеу тетігі жұмыс істемегенін айтты.


"Енді заң деңгейінде бекітіледі. Архившілерге 25% үстемақы беріледі. Қазір жылына 20–25 грант бөлінеді, ҚазҰУ-да архив ісі мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлер даярланып жатыр. Ал арнайы әлеуметтік қолдау шаралары әзірге қарастырылмаған", – деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети