Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды Фото:gov.kz

Қостанай облысы прокуратурасының өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі Арқалық прокурорының орынбасарына қатысты тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде қала прокурорының орынбасары этикалық нормаларды бұзғаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.

"2024 жылғы 26 қарашадағы тексеру қорытындысы бойынша Кенжеғарин прокурор қызметінен босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қызметкер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексінің 7-тармағының 1 және 6-тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Ол азаматтардың дұрыс бағаламауынан қызметкердің өзінің де, тұтастай алғанда прокуратураның да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қызметтегі мінез-құлқына қатысты қызметтен кетті", - деді Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов.

Ведомство бұрынғы прокурордың нақты не үшін кінәлі болғаны туралы егжей-тегжейлерді қызметтік тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып ашпады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети