Арқалықта интимдік зорлық жасады деген күдікпен блогер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалықта интимдік зорлық жасады деген күдікпен блогер ұсталды Қостанай облысы ПД

Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арқалық қаласының 35 жастағы блогері зорлау және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында кәмелет жасына толмағандар жоқ.

Алдын ала деректер бойынша, күдікті кейбір жәбірленушілерге қарызға ақша беріп, олар берешегін қайтара алмаған жағдайда интимдік қатынас талап еткен. Қарсы болған әйелдерге ер адамның зорлықпен жыныстық қатынас жасағаны айтылды.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды. Бірнеше мәрте қылмыс жасағаны дәлелденсе, оған 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.06  course up  585.46  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети