Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды Фото:gov.kz

Арман Исетов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Исетов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды.

Арман Исетов туралы не белгілі?

Арман Исетов 1975 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Ол 1993 – 1998 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде білім алған.

2022 - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы жанындағы Тұрақты өкілі;

2018-2022 - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары;

2012-2018 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры;

2009 – 2012 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары;

2008 – 2009 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақтық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы;

2004 – 2008 - Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшы;

2003 - 2004 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің басқарма басшысы;

1998 – 2003 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети