Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай Олимпиадағы іріктеу жарысының келесі кезеңіне жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай Олимпиадағы іріктеу жарысының келесі кезеңіне жолдама алды Фото: olympic.kz

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен жолыққан болатын.

Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды.

Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтың қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады.

Команда капитаны Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті.

71 келіде сынға түсетін Асланбек польшалық Дамиан Дуркачтан басым түсті.

Ол үш раунд қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

92 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Айбек Оралбай екінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті.

Ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберген.

Осылайша, Айбек Оралбай үшінші кезеңге өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети