Астана және Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана және Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанның төрт қала тұрғындарын бүгін болатын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанның төрт қала тұрғындарын бүгін болатын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"9 наурызда Ақтөбе, Алматы, Орал және түнде Астана қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - делінген мамандардың хабарламасында.

Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қазақстандағы ауа райы болжамына келетін болсақ, синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

"Орталықта жауын-шашын, желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-шығысында антициклон сілкінісінің әсерінен жауын-шашын болмайды. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тау асуларында секундына 30 метр және одан да көп жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети