Астана күні: елордада кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күні: елордада кейбір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

6 шілдеде Астанада Астана күніне арналған үлкен концерт өтеді. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Бұған байланысты кейбір көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 шілдеде Астанада Астана күніне арналған үлкен концерт өтеді. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Бұған байланысты кейбір көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, мерекелік концерт сағат 18:00-де "Астана Арена" стадионы аумағында басталады.

"Қонақтарға ыңғайлы мен қауіпсіз болуы үшін концерт кезінде "Астана Арена" стадионы маңында - "Алау" мұзсарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан - көлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.

Астана әкімдігі

Мерекелік концертте отандық эстрада жұлдыздары мен ұжымдар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазбек Құрайыш, аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, жастардың сүйікті 6elucci тобы, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Илхан және Тұрар бар.

Айта кетейік, елордада Астана күніне орай 6 шілдеде мерекелік отшашу болады. Фейерверктің шамамен басталатын уақыты - сағат 23:00. Ол Ботаникалық бақтан эстрада жұлдыздары қатысатын ашық концерт аяқталған соң атылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети