"Астана LRT" атауы жемқорлық дауына байланысты өзгерген жоқ - компания басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана LRT" атауы жемқорлық дауына байланысты өзгерген жоқ - компания басшысы © Тұрар Қазанғапов

City Transportation Systems (CTS) басшысы Бекмырза Игенбердинов "Астана LRT" атауы неліктен өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

City Transportation Systems (CTS) басшысы Бекмырза Игенбердинов "Астана LRT" атауы неліктен өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жемқорлық дауына байланысты емес. Мен баяндамамда компанияны желілік көлік жүйесін құру үшін ашқанымды айтқан болатынмын. Уақыт өте келе мүмкіндіктер артып, бүгінде компаниямыз желілік көлік жүйесі құрылысымен айналысатын жобалардың біріне айналды. Бүгінде біздің басты бағытымыз - қоғамдық көліктермен, тұрақтармен жұмыс, жол қозғалысын ұйымдастыру. Сондықтан бізге ребрендинг жасайтын уақыт келді", - деді Игенбердинов.

Еске салайық, мұның алдында компания басшысы "Астана LRT" атауының өзгергенін мәлімдеген еді. "Құрметті тұрғындар, достар, әріптестер, компаниямыздың жаңа атауын таныстырайын - City Transportation Systems. Аударғанда - қалалық көлік жүйесі. (...) Қала басшылығы компания атауын өзгертіп, ребрендинг жасау туралы шешім шығарды", - деген еді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети