Астана маңындағы ұшақ апаты: оқиғаның жай-жапсары айтылды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы ұшақ апаты: оқиғаның жай-жапсары айтылды

Көліктегі полиция департаменті Астана маңындағы ұшақ апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктегі полиция департаменті Астана маңындағы ұшақ апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 маусымда шамамен сағат 11:30-да Астанадағы Жоламан аэродромы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ.

Қылмыстық іс бойынша тергеу

Көліктегі полиция департаменті ұшақ құлаған кезде ұшқыш пен жолаушы қаза тапқанын нақтылады.

"Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады. (...) Апаттың нақты себептері анықталып жатыр", - делінген транспорттық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық кодекс туралы

ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігінде – теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет – 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейін айыру немесе бұл құқықтан айырмау да мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети