Астана мен Алматыда аптап ыстық: Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда аптап ыстық: Үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 8-10 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 8-10 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласындағы ауа райы

8 тамыз – Айнымалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Жел – солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.

9 тамыз – Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с.
Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

10 тамыз – Бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.
Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с.
Түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C.


Алматы қаласындағы ауа райы

8 тамыз – Айнымалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.
Жел – оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін.
Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

9 тамыз – Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3–8 м/с.
Түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

10 тамыз – Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, 3–8 м/с.
Түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.

Тамыз айы республика бойынша ауа райы

Қазгидромет болжамы бойынша, 2025 жылғы тамыз айы Қазақстанда түрліше ауа райымен ерекшеленеді. Кей аймақтарда ыстық пен қуаңшылық сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр, күннің күрт өзгеруі, найзағай мен бұршақ, тіпті шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Айдың алғашқы онкүндігі

Солтүстік пен шығыс өңірлерде жылынады, ал оңтүстік пен батыста аздап салқындайды.
Айдың қалған бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – ыстық күндер жаңбырлы әрі салқын күндермен алмасып отырады. Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде, бірақ солтүстік пен шығыста нормадан көп болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети