Астана - Петропавл тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана - Петропавл тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды Фото:depositphotos.com

Астана - Петропавл тасжолында Kia K5 және Volkswagen Passat маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана - Петропавл тасжолында Kia K5 және Volkswagen Passat маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 16 тамызда мәлімдеді.

Жол апаты Көкшетау мен Щучинск қалаларының арасындағы автожолдың 277-шақырымында болған.

"Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Kia K5 жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде процестік шешім қабылданатын болады.

Ведомство мұндай қайғылы жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау қажетін, әсіресе көлік көп жүретін учаскелерде абай болуды, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын қадағалау керегін еске салды.

Айта кетейік, 15 тамызда шамамен сағат 14:00-де Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданына қарасты Белқопа ауылының маңында да жол апаты болып, төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған еді. Алдын ала деректер бойынша, Toyota Alphard көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети