28 шілде кешкісін Астанада Байқоңыр ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өртті сөндіру барысында жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында Астана қалалық ТЖД бөлімшелері жұмыс істеген, атап айтқанда 24 қызметкер және жеті арнайы техника тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!