Астанада альпинист салынып жатқан тұрғын үйдің шатырынан құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада альпинист салынып жатқан тұрғын үйдің шатырынан құлады Фото © Tengrinews.kz

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің шатырынан өнеркәсіптік альпинист құлап кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға дүйсенбі, 9 ақпанда, Бұқар жырау көшесінде болған. 1997 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

BI құрылыс компаниясының баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, альпинист шамамен 16:00-де терезе жуып жатқанда құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы 9-қабат деңгейінде тепе-теңдігін жоғалтқан, ал төмен түсуге дайындық сәтінде сақтандыру жүйесі бекітілмей қалуы мүмкін.

Жедел жәрдем 10 минут ішінде келгені айтылды.

"Зардап шеккен адамға ота жасалды, ол есін жиды. Еңбек инспекциясының қатысуымен тексеру жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті компания.

Құрылыстағы оқиғалар

Былтыр Астанада құрылыс алаңдарында осындай төтенше жағдайлар болған. Шілдеде нысандардың бірінде кран құлап, кран жүргізушісі қаза тапты. Күзде қатты желдің салдарынан "Рио-де-Жанейро" тұрғын үй кешенінің құрылысында мұнаралы кран құлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.88  course down  585.95  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети