03 желтоқсан 2023 | 11:45

Астанада аты шулы кәсіпкердің моншасы өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада элиталық монша кешені өртенді. Ол аты шулы кәсіпкер Александр Орловқа тиесілі болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада элиталық монша кешені өртенді. Ол аты шулы кәсіпкер Александр Орловқа тиесілі болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ағаштан жасалған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры жанған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Алдын ала мәлімет бойынша өрт "Орловские бани" моншасының 150 шаршы метрін шарпыған. Өрт сағат 22:06-да сөндірілді. 14 қызметкер мен 3 бірлік техника шықты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салайық, Алматыда және шетелде қымбат мейрамханалар желісіне иелік ететін ресейлік кәсіпкер және ресторатор Александр Орлов бұған дейін халықаралық іздеуде жүргені хабарланған еді.

Орлов Ресейден кетіп қалған. Тамыз айында ол үш компанияның: "Тануки", "Тануки-Краснодар" және "Тануки-Н.-Новгород"-тағы 33,3 пайыздық үлесін сатқан. Ол сондай-ақ осы жазда өзінің Bulldozer Group мейрамханалар тобынан бас тартты.

Алматы мен Астанада Александр Орловтың бірнеше мейрамханасы бар.

2022 жылы Александр Орловтың басы дауға қалды. Кәсіпкер "Орталық Азияда білікті кадрларды табу қиын, олар тапшы" деген. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети