Астанада ауыр күйік шалған қызға 11 ота жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ауыр күйік шалған қызға 11 ота жасалған Фото:depositphotos.com

2018 жылы 9 маусымға қараған түні Астанада Даша Жукова есімді кішкентай қыздың және отбасының өмірі түбегейлі өзгерді. Баланы ауыр күйік шалып, содан бері оған 11 ота жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2018 жылы 9 маусымға қараған түні Астанада Даша Жукова есімді кішкентай қыздың және отбасының өмірі түбегейлі өзгерді. Баланы ауыр күйік шалып, содан бері оған 11 ота жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылы 9 маусымға қараған түні Жуковтар отбасы тұрған уақытша баспанада өрт шыққан. Қыздың анасы Людмила Жукованың айтуынша, сол кезде төрт айлық қызы III және IV дәрежелі ауыр күйік алған.

Балаға оң қолындағы төрт саусағына ампутация жасалған. Қайғылы оқиғадан бері оған жалпы 11 ота: оның тоғызы бетіне, екеуі қолына жасалған. Алғашқы операция кезінде зақымданған аумақтарды жабу үшін санынан бетіне тері алынған.

Жақында қызға кезекті операция жасалып, әрі қарай ем жүргізу аясында жұмсақ тіндерді созуға арналған тіндік экспандер орнатылған.

Людмила Жукова төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, қазір дәрі-дәрмек пен оңалтуға қаражат қажет екенін айтады. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Олардың табысы - баланың мүгедектігі бойынша берілетін зейнетақы мен күтім жасауға арналған жәрдемақы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.77  course up  579.41  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети