Астанада блогер қыздарға орынсыз қалжың айтып, оларды қорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада блогер қыздарға орынсыз қалжың айтып, оларды қорлаған Видео кадры

Астанада 33 жастағы блогер ұсталды. Ол түнгі клубта арсыз сұрақтар қойып, тұрпайы бейнероликтер түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 33 жастағы блогер ұсталды. Ол түнгі клубта арсыз сұрақтар қойып, тұрпайы бейнероликтер түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам мекеменің арт-директоры болып жұмыс істеген және қосымша блог жүргізген. Қаралым үшін ол келуші қыздарға тиісіп, интим сипаттағы әдепсіз сұрақтар қойып, оларды ашық түрде қорлаған. Видеода балағат сөздер айтылып, оның әрекеті айналасындағыларды әдейі қорлау ретінде бағаланды.

Бұл жазбалар әлеуметтік желілерде тарап, ол жұрттың сынына ұшырады. Қолданушылар авторды арсыздығы мен адамдарға құрметсіздігі үшін жазалауды талап етті.

Ер адам ұсталып, сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны, бейпіл сөз айтқаны және қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсеткені үшін жазаланды.

"Өтінемін, маған айыппұл төлеуге мүмкіндік беріңізші", – деп сотта блогер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети