Астанада бірнеше жойғыш ұшақтың ұшқан сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Астана аспанында бірнеше жойғыш ұшақ ұшып өтті. Оқиғаға куә болғандар мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана аспанында бірнеше жойғыш ұшақ ұшып өтті. Оқиғаға куә болғандар мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшақ бүкіл қаланы - Астананың оң және сол жағалауын айналып ұшқан.

Кадрлардан ұшақтың артында түтін қалғанын көруге болады.

Еске салайық, кеше Қорғаныс министрлігі 2024 жылғы 23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының оқу-жаттығуы өтетінін хабарлаған еді.

Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы ҚР Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілетіні ескертілді.

"Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети