Астанада бірнеше рейс кейінге шегеріліп және тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бірнеше рейс кейінге шегеріліп және тоқтатылды Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, тағы үш рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарда 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын үш рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.

"Кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес", - делінген хабарламада.

Астана әуежайында ауа райы қазір ұшуға және қонуға қолайлы.

Әуеайлақтағы ауа температурасы - 18 градус суық. Желдің жылдамдығы - 12м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети