Астанада ғимараттың қасбеті құлады: фельдшердің жағдайы өте ауыр

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ғимараттың қасбеті құлады: фельдшердің жағдайы өте ауыр Видео кадры

Астанада тоғыз қабатты үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде жараланған бес адамның арасында екі фельдшер болған. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тоғыз қабатты үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде жараланған бес адамның арасында екі фельдшер болған. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 қарашадағы жағдай бойынша жансақтау бөлімінде екі науқас жатыр. Тағы үш науқас - профильдік бөлімшелерде. Бес зардап шеккеннің екеуі - еңбек міндеттерін атқару кезінде өндірістік жарақат алған фельдшерлер. Жансақтауда жатқан фельдшердің жағдайы өте ауыр. Екінші фельдшердің жағдайы орташа, нейрохирургия бөлімінде жатыр. Барлық зардап шеккендер дәрігерлер бақылауында, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Басқарма әлеуметтік желілерде тараған "фельдшерлердің алған жарақаттары өндірістік жарақат деп танылмайды" деген ақпарат шындыққа сай емес екенін атап өтті. Бұл оқиға өндірістік жарақатқа жатады.

"Бұдан бөлек, жарақат алу дерегі бойынша қаланың Полиция департаменті соталды тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, сондай-ақ Еңбек кодексінің 188-бабы талаптарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаны тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде зардап шеккен фельдшердің күйеуі видео жариялап, жұбайының адамдарға көмектесу кезінде басына кондиционер құлағанын айтқан. Оның сөзінше, әйеліне гематоманы алып тастау және бас сүйегіне трепанация жасау операциясы жасалған. Автор сондай-ақ ІІМ өндірістік жарақат жөніндегі өтінішті қабылдамай отыр деп мәлімдеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Уже не холостой реабилитолог (@zeineladilet)

8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлап, бес адам зардап шеккен еді.

Зардап шеккендер №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, шұғыл операция жасалды. Екеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр деп бағаланды. Тағы екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети