Астанада жоғалған 10 жастағы қыз ауқымды іздестіру шараларынан кейін аман табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жоғалған 10 жастағы қыз ауқымды іздестіру шараларынан кейін аман табылды Астана ПД

Астанада жоғалған 10 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жоғалған 10 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 қарашада полиция департаментіне 10 жастағы Айлин Еркеғұлованың жоғалуына байланысты хабарлама түсті. Туған күнді атап өткеннен кейін қыз топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жоғалған қызды іздеуге мыңнан аса астаналық тұрғын қосылды.

Ауқымды іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Іздеуге еріктілер, жанашыр елорда тұрғындары, Ұлттық ұлан қызметкерлері және астаналық полиция гарнизонының бүкіл жеке құрамы тартылды. Ауа райы ескеріле отырып, баланың жүріп өтуі мүмкін аудандарын барынша жедел тексеру үшін қосымша күштер мен ресурстар жұмылдырылды.

Қалалық автобус кондукторының арқасында қыз табылды, бала ата-анасына қайтарылды.

"Мұқият болып, әрқашан балаларыңыздың қайда жүргенін біліп жүріңіздер, орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи қосымшаларды пайдаланыңыздар, бала өз жоспарларын айтуға қорықпайтындай сенімді қарым-қатынас орнатыңыздар", - деп ескертті полицейлер ата-аналарға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети