Астанада қар борап, Алматыда күн жылиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қар борап, Алматыда күн жылиды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Синоптиктер 17, 18 және 19 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 17, 18 және 19 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

17 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде аздап қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде −4…−6°, күндіз 0…+2°.

18 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде 0…−2°, күндіз 0…+2°.

19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы: түнде −13…−15°, күндіз −10…−12°.

Алматы

17 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с.
Ауа температурасы: түнде +2…+4°, күндіз +9…+11°.

18 ақпанда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с.
Ауа температурасы: түнде +1…+3°, күндіз +12…+14°.

19 ақпанда көшпелі бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде +3…+5°, күндіз +16…+18°.

Қазақстанда күн жылынады

Бұған дейін синоптиктердің хабарлауынша, 17–19 ақпан аралығында Қазақстан аумағы арқылы Орал жақтан циклон өтіп, жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. 18 ақпаннан бастап солтүстіктен Хельсинки маңынан антициклон ығысып келеді, соның әсерінен солтүстікте ауа райы −18…−23°-қа дейін суып, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ал оңтүстікте, керісінше, күн жылынып +15…+20°-қа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course up  582.69  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети