Астанада құтқарушылар лифтте қалып қойған отбасын аман алып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрлер видеодан

Астанада құтқарушылар сауда үйінде лифтте қалып қойған адамдарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада құтқарушылар сауда үйінде лифтте қалып қойған адамдарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 9 мамыр күні Нұра ауданындағы Тұран даңғылы бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде үш ересек адам мен бір сәби жолаушылар лифтінде тұрып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарды сыртқа шығарды. Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ лифт ішінде қалып қойған жағдайда сақталуы тиіс ережелерді еске салады:

сабыр сақтаңыз, жаныңыздағыларды тыныштандырыңыз;
диспетчермен байланысыңыз;
барлық түймені қатар баспаңыз;
лифт есігін өз бетіңізше ашуға тырыспаңыз;
сыртқы әлеммен байланыс арналарының барлығын пайдаланыңыз.

Айта кетейік, өткен жылы Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде де осындай жағдай орын алған болатын – лифт ішінде балалар қалып қойған еді. Оларға да құтқарушылар көмекке келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети