Астанада қыркүйекке дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қыркүйекке дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі Фото:depositphotos.com

Астанада 29-30 маусымнан бастап бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 29-30 маусымнан бастап бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 30 маусымнан 1 қыркүйекке дейін Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол толық жабылады. Бұл шектеу көшеде инженерлік желілермен бірге жүргізілетін күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Бұл шаралар "Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелерді салу" жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

"Емханаға Мәңгілік Ел даңғылы жағынан кіре аласыздар. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, қалада тағы бір көше учаскесі жабылады. Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 29 маусым мен 4 шілде аралығында Амман көшесінің Ж. Тәшенов көшесінен Шарль де Голль көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Бұл аралықта көлік қозғалысы екі бағытта кезең-кезеңімен бір жақ қапталмен ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 30 маусым мен 6 шілде аралығында Керей-Жәнібек хандар көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс жартылай шектеледі. Мұнда да көліктердің жүрісі екі бағытта кезеңмен бір жақ бетпен қамтамасыз етіледі.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүруді алдын ала жоспарлап, қозғалыс бағыттарын өзгерістерге сай реттеуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети