Астанада LRT сынақтан өткізіліп жатыр ма? Видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT сынақтан өткізіліп жатыр ма? Видео пайда болды Видео кадры

Әлеуметтік желілерде Астанада LRT-ның сынақтан өткізіліп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Астанада LRT-ның сынақтан өткізіліп жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда пойыздың рельс бойымен қозғалып бара жатқаны байқалады.

"LRT вагондары сынақтан өткізіліп жатыр", – делінген видеода.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, елордада LRT-нің сынама іске қосылуы қыркүйектің 29–30 күндері бірнеше станция арасында, мысалы, "Абу-Даби" және Мәңгілік Ел көпірі бағытында жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта күн сайын жұмыс уақытының ұзақтығы, станциялар мен пойыздардың саны арта түседі.

Алғашқы сынақтар бір-екі станция арасында бір аптаға жалғасады. Жалпы сынақ мерзімі 3–6 айға есептелген. Қазанда тағы 8 пойыз келеді, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам жеткізіледі.

Қала басшысының сөзінше, егер сынақ сәтті өтсе, LRT 2026 жылдың басында жұмысын бастайды.

"Барлығы ойдағыдай болып, сынақтан өтсе, бірінші тоқсанның аяғына дейін толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", – деп қосты елорда әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети