Астанада сауда орталығындағы төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада сауда орталығындағы төбелес видеоға түсіп қалды Видео кадры

26 наурызда Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


26 наурызда Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал "Көктал" сауда орталығында болған. Бір топ жасөспірім төбелес шығарып, шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Астана қалалық полиция департаменті жанжал шығарғандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Барлығы, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, полиция ата-аналарға балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылап, қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын түсіндіріп отыру қажет екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.89   556.83   5.94 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети