Астанада ішінде кішкентай бала бар лифті тоғызыншы қабаттан құлады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ішінде кішкентай бала бар лифті тоғызыншы қабаттан құлады Фото:depositphotos.com

Астанадағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде ішінде кішкентай қыз бар лифті тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған бүлдіршін қатты қорқып қалған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде ішінде кішкентай қыз бар лифті тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған бүлдіршін қатты қорқып қалған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы редакцияға тұрғындар хабарлады.


"Ішінде қыз бала бар лифті тоғызыншы қабаттан құлады. Қатты қорқып қалған бүлдіршін жамбас сүйегін жарақаттап алған. Лифт мәселесі ұзақ уақыттан бері бар, бірақ оны ауыстыруға әлі қол жеткізе алмай отырмыз", – деді кешен тұрғындары.

Астана денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне хабарлағандай, оқиғадан кейін қыз баланы ата-анасы №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізген.


"Барлық профильді мамандар амбулаториялық деңгейде қарады. Қатты жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Бала амбулаториялық емге жіберілді. Алдағы емдеу өз мекенжайы бойынша жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда бала лифт шахтасына құлағаны туралы хабарлаған едік. Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети