Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға Астана қаласыдағы Жеңіс көшесі, 72-үйде болғаны айтылған.
Кадрларға қарағанда, жанжал жүргізуші жолаушыны сұраған жеріне емес, басқа жерге түсірген соң шыққан.
Ескерту, видеода балағат сөздер бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Жүргізуші мен жолаушы полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-бірінің үстінен арыз жазды. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!