Астанадағы LRT тұрғындар үшін 2026 жылы қолжетімді болады

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы LRT тұрғындар үшін 2026 жылы қолжетімді болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Маржан Қуандыққызы

Астанада LRT қашан іске қосылатыны және жолақысы қанша болатыны туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада LRT қашан іске қосылатыны және жолақысы қанша болатыны туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халықпен кездесу барысында Қасымбектен әкімдік LRT-ның сынақтық іске қосу мерзімін кейінге шегерді ме деп сұрады.

"Ештеңе өзгерген жоқ, қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ қорытындысы бойынша оның толыққанды пайдалануға қашан берілетіні белгілі болады. Әдетте сынақ режимі үш айдан алты айға дейін созылады", – деді елорда әкімі.

Тілшілер Астана әкіміне бұл LRT 2026 жылдың басында іске қосылады дегенді білдіре ме деп нақтылады.

"Біз әрқашан осы мерзімдерді айтып келдік", – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жолақы шамамен 200 теңге болуы мүмкін. Бірақ түпкілікті тариф кейінірек жарияланады.

"Жобаға бір реттік жолақы құны 200 теңгеге дейін деп енгізілген. Дәлме-дәл бағасы да осы жылдың соңына дейін анықталады", – деді Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети