Астанадағы мерекелік отшашу: қай жерде және қашан көруге болады?

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы мерекелік отшашу: қай жерде және қашан көруге болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада 6 шілде - Астана күніне орай мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 6 шілде - Астана күніне орай мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мерекелік отшашу Open Air концертінен кейін, шамамен сағат 23:00-де Ботаникалық бақ аумағында болады. Концертке отандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Әкімдік отшашу демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылғанын атап өтті.

6 шілде - Қазақстанда Астана күні. Бұл мереке аясында елордада жыл сайын жүзден аса түрлі іс-шара өткізіледі. Биыл елордада тұрғындар мен қонақтар үшін концерттер, шоу, театр қойылымдары, көрмелер, спорттық турнирлер мен тағы басқа қызық бағдарламалар жоспарланған.

Биыл Қазақстан астанасының 27 жылдығы тойланады.

Синоптиктердің мәліметінше, мереке күні ауа райы ашық, бірақ бұлтты болуы мүмкін. Жаңбыр жаумайды. Күндіз температура +26…+28 градусқа дейін көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети