Атырау облысында жаппай төбелес кезінде бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жаппай төбелес кезінде бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Былтыр 29 желтоқсанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаауыл ауылында жаппай төбелес болды. Оқиға туралы енді ғана белгілі болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр 29 желтоқсанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жаңаауыл ауылында жаппай төбелес болды. Оқиға туралы енді ғана белгілі болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Жаппай төбелес кезінде ер адам оққа ұшты.

Жергілікті тұрғындар Жаңаауыл ауылында екі жыл бұрын бар ашылғанын, онда көрші ауыл тұрғындары жиі келетінін айтты. Ауылда жергілікті жастар мен көрші Сафоновкадан (Сафон) келген қонақтар арасында жанжал жиі болып тұрады екен. Көбінесе бұл даулар төбелеске ұласады.

Қазір ауыл тұрғындары өлген жігітті үй маңында атып өлтірді деген жалған ақпарат таралып жатқанына наразы. Айтуларынша, ол Сафон ауылының тұрғыны екен.

Тұрғындардың айтуына қарағанда, қаралы күні Сафоннан қырыққа жуық жігіт үш көлікпен Жаңаауылға келген. Олардың және жергілікті тоғыз тұрғынның арасында жанжал шыққан. Сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласқан, салдарынан Сафонның 29 жастағы тұрғыны қаза тапты.

Сонымен қатар 20 және 33 жастағы екі ер адам түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысының полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу шаралары аясында оқиғаға қатысы бар жеті күдікті ұсталды. Оқиғаның егжей-тегжейі мен тергеу барысы жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети