Атырауда концерт кезінде 70-тен аса бала жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда концерт кезінде 70-тен аса бала жоғалып кеткен "Ақ Жайық"

16 тамызда Жайық жағалауында өткен жастар фестивалі кезінде 70-тен аса бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 тамызда Жайық жағалауында өткен жастар фестивалі кезінде 70-тен аса бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Табылған балалар жақын маңдағы полиция бекетіне жеткізілген. Бірі жылап отырса, кейбірі телефонға үңіліп, ал ең кішкентайлары орындықта ұйықтап қалған.

Жоғалғандардың жасы 5 пен 16 жас аралығында болған.

"Жеті жастағы Әлтайыр ағасын жоғалтып, ұзақ уақыт тыныштала алмады. Кейін ата-анасы екеуін де тапты. 11 жастағы Әмина анасынан қалып қойған, себебі құрбыларымен суретке түсіп жатқан. 10 жастағы Азамат ойыншықтарға қызығып, адасып кеткен. Ал 9 жастағы Сания доппен ойнап жүріп, алысқа кетіп қалған", – деп жазады жергілікті журналистер.

Полицейлердің ерекше назарын Тендік ауылынан келген бір бала аударған, ол үлкен балалармен жанжалдасып қалған.

Сонымен қатар, ұсталғандардың арасында қолында пышақ болған жасөспірімдер де анықталды. Полиция олардың концертке қарумен келу себебін тексеріп жатыр.

Құқық қорғаушылар ата-аналарға мұқият болып, балаларын қадағалауды ескертті.

Бұған дейін Семейде ерекше бала жоғалып, оны іздеуге ауқымды операция жүргізілген еді. Нәтижесінде ол аман табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети