Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды Видео кадры

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларының шешімдері негізінде іздеуде жүрген борышкерлерді анықтап жатыр.

"Былтар Атырау облысында жүзден аса борышкерге іздеу жарияланды. Қызметкерлер 79 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады. Олар арнайы есептен шығарылды. Іздеудегі борышкерлер қатарында Қазақстан азаматтарымен қатар, шетелдіктер де болды", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті өкілдері.

27 ақпанда қызметкерлер Өзбекстан азаматын анықтады. 32 жастағы әйел "борышкер" санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.

"2022 жылғы 5 желтоқсанда шетелдік әйелге 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Одан қарыз өндірілді. Сондай-ақ, ол елде болу заңдылығын бұзды. Ол қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети