Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қалың тұманға байланысты Жетісу облысындағы автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Ал Ақмола облысында қатты аяз салдарынан бірнеше жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалың тұманға байланысты Жетісу облысындағы автожолдарда қозғалыс уақытша шектелді. Ал Ақмола облысында қатты аяз салдарынан бірнеше жол учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы

27 желтоқсанда сағат 23:20-да ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрі үшін Үшарал – Достық автожолының 84–164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма кентінен Достық станциясына дейін) қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол шамамен 29 желтоқсан, сағат 15:00-де ашылады.

Ақмола облысы

28 желтоқсанда сағат 00:00-де қатты аязға (ауа температурасының –30°С-қа дейін төмендеуіне) байланысты төмендегі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді:

  • Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы, 16–419 шақырым, Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 337–595 шақырым, Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін;
  • Жақсы - Есіл - Бұзулық, 0–82 шақырым, Жақсы кентінен Бұзулық кентіне дейін;
    Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 232–260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін;
  • Астана - Қорғалжын, 19–124 шақырым, Астанадан Қорғалжын кентіне дейін.

Солтүстік Қазақстан облысы

  • Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–624 шақырым, Ақмола облысы шекарасынан Дружба ауылына дейін;
  • Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - шекара, 834–856 шақырым, Чистополье кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін.

Қостанай облысы

  • Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 340–377 шақырым, Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Қостанай - Әулиекөл - Сұрған, 218–232 шақырым, Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін.

Жол шамамен 28 желтоқсанда, сағат 09:00-де ашылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети