Ауғанстандағы жер сілкінісінен 600-ден аса адам қаза тапты: адамшошырлық кадрлар жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Ауғанстанның шығысында жойқын жер сілкінісі болды: кейінгі мәліметтер бойынша 600-ден аса адам қаза тауып, 1300-ден астамы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауғанстанның шығысында жойқын жер сілкінісі болды: кейінгі мәліметтер бойынша 600-ден аса адам қаза тауып, 1300-ден астамы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Зілзала 31 тамыз, жексенбі күні кешке, сағат 23:47-де 6,0 магнитудамен тіркелді. Оның ошағы небәрі 8 шақырым тереңдікте, Джалалабадтан 27 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі астана Кабулда да, эпицентрден 400 шақырым жердегі Пәкістанның Исламабад қаласында да сезілді.

Зілзаладан кейін ондаған үйдің қирап, бүтін ауылдардың жермен-жексен болғаны туралы хабарлар түсе бастады. Кунар және Нангархар провинцияларында тұрғындар өз күштерімен үйінді астында қалғандарды құтқаруға тырысып жатыр.

Құтқару жұмыстарын көшкіндер қиындатып отыр. Таулы аймақта жолдар жабылған. Эпицентрге жетудің жалғыз жолы - әуе көлігі: дүйсенбі таңертең төрт әскери тікұшақ дәрігерлермен бірге апат аймағына жіберілді. Жараланғандар Джалалабадқа және басқа да қалаларға жеткізіліп жатыр, ал ондаған ерікті жергілікті ауруханаларда қан тапсырып жатыр.

Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігі құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті, себебі байланыс жоқ ауыл көп, аймақтарға жету қиын. Ішкі істер министрлігі алдын ала деректер бойынша 610 адам қаза тапқанын және 1300-ден астам адамның жараланғанын хабарлады.

"Кейбір ауылдар толықтай қираған, тұрғындардың бір бөлігі әлі де үйінді астында жатыр", – делінген хабарламада.

Бұл қайғылы жағдайды осы аймақтарда жуырда болған су тасқыны да ауырлата түсті: тасқыннан кем дегенде бес адам қаза тауып, жүздеген үй қираған еді. Жер сілкінісі табиғат апатынан ес жия алмай отырған халыққа жаңа соққы болды.

Ауған билігі халықаралық ұйымдардан шұғыл көмек сұрады. АҚШ Геологиялық қызметінің болжамынша, шығындар "елеулі әрі кең ауқымды" болуы мүмкін. Мамандар зілзаланың өте таяз тереңдікте болғанын айтып, оның салдарын аса ауыр деп бағалады. Бұл өңірдегі үйдің көбі шикі кірпіштен салынған, сондықтан мұндай соққыға төтеп бере алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети