“Аватар 3“ фильмінің трейлері жарық көрді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Аватар 3“ фильмінің трейлері жарық көрді Avatar

28 шілде күні 20th Century Studios киностудиясы Джеймс Кэмеронның "Аватар 3" фильміне арналған алғашқы трейлерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 шілде күні 20th Century Studios киностудиясы Джеймс Кэмеронның "Аватар 3" фильміне арналған алғашқы трейлерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аватар: От пен күл" атты үшінші бөлімнің халықаралық прокатқа шығуы 2025 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған. Бұл жолы Пандора планетасындағы жаңа На’ви тайпасы – жауыз әрі жауынгер "Күл адамдары" (Ash People) көрерменге таныстырылады.

Фильмде Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Сигурни Уивер, Уна Чаплин, Кейт Уинслет және Дэвид Тьюлис сынды актерлер ойнаған.

"Бұл жолы сіз Пандораны бұрын-соңды болмаған ауқымда көресіз. Бұл – ессіз шытырман оқиға, эмоциялық драма деңгейі өте жоғары болады", – деген еді бұған дейін режиссер Кэмерон.

Айта кетейік, алғашқы "Аватар" фильмі 2009 жылы жарық көріп, 2,923 миллиард доллар жинап, әлем тарихындағы ең табысты фильм атанған. Одан кейінгі бөлім – "Аватар: Су жолы" 2022 жылы шықты және 2,32 миллиард доллар табыс әкелді. Ал төртінші және бесінші бөлімі 2029 және 2031 жылдарға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети