Аяз бен жел: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяз бен жел: 17 қаңтарда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер сенбі, 17 қаңтарда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер сенбі, 17 қаңтарда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің солтүстігінде - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аяз -37 градусқа дейін, күндіз -30 градусқа дейін. Орталық өңірлерде - ашық немесе көшпелі бұлтты. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -20…-30 градус, күндіз -15…-23 градус.

Оңтүстікте - бұлтты, қар жауады. Көктайғақ, кей жерде тұман және жер бораны байқалады. Түнде -17 градусқа дейін, күндіз -15 градусқа дейін. Батыста - бұлтты, қар және көктайғақ. Жел күшейеді. Түнде ауа температурасы -20 градус-қа дейін төмендеп, күндіз -15 градус-қа дейін болады.

    • Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -30…-32 градус, күндіз -21…-23 градус.
    • Алматы - бұлтты, қар, түнде қалың қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -15…-17 градус, күндіз -13…-15 градус.
    • Шымкент - бұлтты, жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жер бораны. Түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел екпінді. Түнде және күндіз -1…-3 градус.
    • Түркістан - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, жер бораны. Жел екпінді. Түнде және күндіз -3…-5 градус.
    • Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ, жел екпінді. Түнде -20…-22 градус, күндіз -15…-17 градус.
    • Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта әлсіз тұман, көктайғақ. Күндіз жел күшейеді. Түнде -24…-26 градус, күндіз -18…-20 градус.
    • Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінді. Түнде -12…-14 градус, күндіз -10…-12 градус.
    • Тараз - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар, тұман, көктайғақ. Түнде -12…-14 градус, күндіз -10…-12 градус.
    • Ақтау - бұлтты, қар, көктайғақ. Түнде -5…-7 градус, күндіз 0…-2 градус.
    • Атырау - бұлтты, қар, жер бораны, көктайғақ. Күндіз жел екпінді. Түнде -8…-10 градус, күндіз -6…-8 градус.
    • Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -18…-20 градус, күндіз -13…-15 градус.
    • Ақтөбе - ашық, түнде жел соғады. Түнде -21…-23 градус, күндіз -16…-18 градус.
    • Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -21…-23 градус.
    • Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жел екпінді. Түнде -20…-22 градус, күндіз -15…-17 градус.
      Қостанай - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -21…-23 градус.
      Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -17…-19 градус.
      Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -28…-30 градус, күндіз -19…-21 градус.
      Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -35…-37 градус, күндіз -28…-30 градус.
      Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -33…-35 градус, күндіз -25…-27 градус.
      Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -35…-37 градус, күндіз -27…-29 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети