Аяз, боран, тұман: Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяз, боран, тұман: Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды tengrinews.kz

24 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түседі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Оңтүстіктегі таулы аймақтарында тұман түсіп, бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа қарай соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.

Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.

Шымкентте күн ала бұлтты, өткінші қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети