Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болды

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болды Фото:gov.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың шілде айынан бастап Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Әбілдабековке – 55 жаста. Ол академик Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

1998–2009 жылдары кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекіті басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2010–2022 жылдары Статистика агенттігінде қызмет көрсетулер статистикасы басқармасының басшысы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары мен Алматы қаласының статистика департаменттерін басқарған.

2022–2023 жылдары Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети