Әйелі мен үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан: адамшошырлық видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелі мен үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан: адамшошырлық видео тарады

Талдықорғанның тұрғыны әйелін және үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты. Әйел мен бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанның тұрғыны әйелін және үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты. Әйел мен бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаға қатысты адамшошырлық видео әлеуметтік желіде 2 ақпанда тараған.

"Талдықорғанда әкесі кішкентай баласын және әйелін аяусыз ұрған. Анасы мен баласы облыстық балалар ауруханасында жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында.

Кадрда денесінде сызаттар мен көгерген іздері бар жылаған бүлдіршін және әйел көрінеді. Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйде ұрып-соққан. Оқиға Талдықорғанда болғаны нақтыланады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

Полиция тарапынан бұл ақпарат расталды. Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жетісу облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, үш жасар баланың зорлық белгілері бар жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабар 102 арнасына сағат 21:00-де түскен. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне дереу барып, мас күйіндегі әкені ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын, қажет тергеу және процестік іс-шаралар жүргізілгенін, ал тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді.

Бұған дейін де Жетісу облысында тағы бір ауыр оқиға тіркелгені хабарланған: Панфилов ауданы Нұркент ауылында 28 жастағы әйел төрт жасар ұлын қатты ұрып-соққан. Оқиға сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Кейін әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. Күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети