Айзат Жұманованың өлімі: Бишімбаев ісінен кейін танылған сарапшы сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Жұманованың өлімі: Бишімбаев ісінен кейін танылған сарапшы сотта жауап береді Фото ©️ Tengrinews.kz

Тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта жауап береді. Тергеу нұсқасы бойынша, күйеуі оны аса қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сотта жауап береді. Тергеу нұсқасы бойынша, күйеуі оны аса қатыгездікпен өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 12 желтоқсанда, Талдықорғанда кезекті сот отырысы өтіп, келесі отырыста сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сұралатыны белгілі болды.

Бұл туралы блогер Қайрат Әбдірахман әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, маманның айғақтары қоғам жіті бақылап отырған сот процесінде маңызды рөл атқаруы мүмкін екенін атап өтті.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға биыл 22 маусымда Ақсу ауданында болған. Соталды тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде оның қайтыс болғаны тіркелген. Алайда Айзаттың туыстары оны ауруханаға әкелген кезде әлдеқашан жан тапсырған деп есептейді.

Бұған дейін олар ерлі-зайыпты арасында жанжал болып, кейін ер адам әйелді сағаттап ұрып-соққанын айтты. Олардың айтуынша, жәбірленушіні екі жасар қызының көзінше аса қатыгездікпен ұрған.

Сот-медициналық сараптама ауыр жарақаттарды анықтаған: бас-ми жарақаттанған, ми ісінген, бас сүйегі негізі, аяқ-қол мен жамбас сынған, сондай-ақ, бетіндегі іздер. Туыстары әйелді арқанмен байлап, далада сүйретілгенін айтады.

Айзаттың күйеуі бұған дейін оның "селфи жасап тұрып терезеден құлап кеткенін" айтқан. Бірақ жақындары күйеуі әйелін азапталып, кейін қылмысты жасыруға тырысқан деп санайды.

Бастапқыда полиция істі ҚК 106-бап 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу") бойынша тергеген, кейін күдіктінің әрекеті ҚК 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети