Әзербайжан әскерін Газаға жіберуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан әскерін Газаға жіберуі мүмкін Фото:depositphotos.com

Әзербайжан соғыстан кейін Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін Халықаралық тұрақтандыру күштері құрамына әскер беруге келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан соғыстан кейін Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін Халықаралық тұрақтандыру күштері құрамына әскер беруге келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап.

Қазірге дейін бұл күштерге ашық түрде әскер жіберуге уәде берген жалғыз ел - Индонезия (БҰҰ мандатымен 20 мың сарбаз). Мақалада АҚШ басқа елдермен де келіссөз жүргізіп, Әзербайжаннан да осындай жеке міндеттеме алғаны айтылады. Вашингтон мен Тель-Авивтегі Әзербайжан елшіліктері бұл тақырыпқа пікір білдірген жоқ.

Өткен айда БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өткен көпжақты кездесу кезінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трампқа Анкараның да Газаға әскер жіберуге дайын екенін айтқан. Алайда соғыс басталғаннан бері Анкара мен Тель-Авив арасындағы қатынастардың нашарлауына байланысты Израиль түрік әскерін Газада қабылдайтыны белгісіз.

Еске салайық, 13 қазанда АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия көшбасшылары Египеттегі Шарм-эш-Шейх бейбітшілік саммитінде Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, оған кепілдік беретін тараптар болуға келіскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети