Бүгін, 24 қыркүйекте Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен академиялық ескек есуден екі финал өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер "екілігінде" Мария Чернец пен Светлана Германович төртінші нәтиже көрсетті.
Сол сияқты ерлер "екілігінде" де өнер көрсетті. Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев жүлдеден бір қадамда тоқтады.
Сонымен бірге Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша финалдық кездесулер өтті.
Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты.
Елена Потапенко бесінші орын алды. Осылайша, ол келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Соңғы кезеңге дейін Елена Потапенко жалпы есепте 8-орынға ие болды, бірақ мылтық атуда сәтті өнер көрсетіп, алғашқы бестіктен көрінді. Қазақстандық спортшының қорытынды нәтижесі - 1340 балл.
Людмила Яковлева оныншы, Анастасия Кочеткова 16-шы, Кристина Рябова 18-ші болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!