Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды Видео кадры

Балқашта көпқабатты үйдің апатты деп танылған кіреберісінің бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балқашта көпқабатты үйдің апатты деп танылған кіреберісінің бір бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл - бес кіреберісті көппәтерлі үй. Опырылған кіреберіс пайдаланылмаған: бұған дейін ондағы тұрғындар басқа жаққа көшіріліп, cүрілмек болған.

"Опырылу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. 2025 жылы құрылыс сараптамасы мен техникалық қорытынды негізінде кіреберіс апатты деп танылды. 5-кіреберіс тұрғындары алдын ала қоныстандырылды: бір бөлігі жаңа баспана алды, қалғандары тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепке қойылды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Әкімдік қазір апатты кіреберісті бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Жұмыс кезінде үйдің қалған кіреберістерінен шамамен 120 отбасы толық эвакуацияланған. Әкімдік олардың уақытша орналастырылуын қарастырып жатыр.

Tengrinews.kz оқырмандары ұсынған сурет

"Жұмыс аяқталған соң мамандар қалған төрт кіреберіске қосымша тексеру жүргізеді. Егер қауіпсіз деп танылса, тұрғындар пәтерлеріне қайта орала алады. Сондай-ақ, қалған кіреберістердің конструкцияларын күшейтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр", - деді Балқаш әкімдігі өкілдері.

Қазір опырылған кіреберіске кіру шектелген, инженерлік желілер ажыратылған. Жұмыстың барлығы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.17  course down  579.41  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети