Бүгін, 21 желтоқсанда, елордалық "Барыс" ҚХЛ (КХЛ) аясында "Сочимен" кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кездесу Астанада, "Барыс Аренада" өтеді. Матчтің басталуы 17:00-ге жоспарланған.
"Барыс" - "Сочи" матчін қайдан көруге болады?
Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ арнаның ресми сайтынан көруге болады.
Еске салайық, биылғы маусымда қарсыластар қарашада кездескен, сол кезде "Барыс" овертаймда жеңіске жеткен (1:2).
Айта кетейік, астаналықтар бұл матчке "Автомобилист" пен мәскеулік "Динамоға" қарсы екі жеңістен кейін жақсы көңіл күймен келеді. Ал сочиліктер, керісінше, кейінгі екі ойында жеңілген. "Барыс" бұл қарсыласын қатарынан кейінгі алты матчта ұтып жүр, ал соңғы жеңіліс 2022 жылы болған.
Қазір "Сочи" Батыс конференциясында 11-орында (соңғы орын), еншісінде 33 ойыннан кейін 23 ұпай бар.
Ал "Барыс" 37 кездесуден 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 8-орында тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!