Бас прокуратура iPhone иелерін қауіп жөнінде ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура iPhone иелерін қауіп жөнінде ескертті Фото:depositphotos.com

Бас прокуратура iPhone иелерін интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура iPhone иелерін интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің ақпаратына сәйкес, зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишинг сілтемені қоса тіркей отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған емесі туралы әсер туындайды.

Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.

Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.

Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды:

  • күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
  • жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электрон поштаның мекенжайын пайдалануды;
  • SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
  • құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеруді ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети